Түркістан облысында 40 адам ұсталды

85083213_826937984448558_3390241201125851136_o.jpg

2020 жылдың 1-қаңтарынан ақпан айының 10-на дейін аралықта Түркістан облысында 40 мас жүргізуші ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты деп хабарлайды rgmedia.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

«40 күнде 40 жүргізуші мас халде ұсталды. Тарқатып айтқанда, қаңтар айында – 31, ал, ақпанда 9 адам ұсталды. Ұсталған адамдардың барлығына ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша хаттамалар толтырылған. Сонымен қатар облыс көлемінде ұсталған мас халдегі жүргізушілердің басым бөлігі Түркістан қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде анықталған» делінген хабарламада.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер