Қазақстан Халқы Ассамблеясына бөлінген қаражат көлемі анықталды

Қазақстан халқы Ассамблеясының концертін өткізуге былтыр бюджеттен 70,9 миллион теңге бөлінсе, биыл ол қаражат 74,2 миллион теңгеге жетпекші, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген rgmedia.kz.

photo_63676.png

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша өткен жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлінді. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өткізуге бөлінген.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жылы 67,9 миллион теңге бөлінген. Биыл да бюджеттен сол мөлшердегі ақша бөлініп отыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 64 миллион теңгедей қаражат бөлінеді.

Шығынның жалпы сомасы айтылмады. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспарын мына жерден көре аласыздар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кешеннің жұмысымен танысты
  • «Шаңырақ» шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселелері талқыланды
  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер