Қордайдағы жағдайға байланысты кімдер қызметінен кетеді?

200209095800219a3612604i.jpg

Қордайдағы қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасына осылай деп жазды.

«Қордай ауданындағы жағдай тұрақты. Бердібек Сапарбаев басқарған комиссия жұмысын жалғастыруда. Қайғылы жағдайға жол берген меморган қызметкерлері мен арандатушылар жауапқа тартылады. Зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Отандастарымызға азаматтық жауапкершілік ұстанымдары үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Президент.

Бірақ, меморган қызметкерлерінің (әкімдер мен олардың орынбасарлары, басқарма басшылары мен олардың орынбасарлары, құқық қорғау қызметкерлері) қандай жауапқа тартылатыны нақты айтылмады. Оларға қолдананылатын жаза түрлері комиссия жұмысының қорытындысынан кейін белгілі болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся показ кинофильма о вреде лудомании и наркомании
  • Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады
  • Қызылордада биологиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қасқыр ауланып жатыр
  • Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды
  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер