Қордайда 47 адам қамауға алынды

ec633376621acbb9.jpeg

Қордайдағы жанжал бойынша 47 адам ұсталды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жанжалға қатысты Орталық комминикациялар қызметінде мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта 47 адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы (жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және соған қатысу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қоғамдық тәртіпті бұзғандардың бәрі де заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіпті қадағалау мақсатында оқиға орнында қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған, – деді министр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер