Сириядан қайтқан 595 адамның 43-і сотталды

KAZ_2150.jpg

Сириядан «Жусан» Жусан» гуманитарлық операциясымен 595 адам қайтарылып, терроризмге қатысы бар 43 адам сотталды. Бұл туралы бүгін rgmedia.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала. Екінші кезеңінде – 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім). Үшінші кезеңінде – 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім). Төртінші кезеңінде – 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім). Осылайша, жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім)», - деп хабарланды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Youtube парақшасында.

ҰҚК-нің мәліметіне сүйенсек, елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өткен. Сонымен қатар, бейнебаянда терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталғаны, тағы 14 адам тергеліп жатқаны да айтылады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Asar Baspana қаржы пирамидасының ісі сотқа жіберілді
  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер