125 жыл бойы үй шаруашылығымен айналысқан кейуана бақилық болды

1030626325.jpg

 Тәжікстандық 127 жастағы ең қарт әйел Фотима Мирзокулова қайтыс болды. Әлемдегі ең қарт әйел саналатын кейуана 125 жылдық өмірін үй шаруашылығына арнаған. Бау-бақша жұмысымен айналысып, үй жануарларына қараған Фотима Мирзокулова зейнетке шыққан күннің өзінде  мақта теруге шығып тұратын болған. Кейуананы өзінің туған ауылында жерлеген. Мирзокулова 1893 жылы 13 наурызда Ашт ауданындағы Боштол ауылында дүниеге келген. Ол осы жасына дейін үш ғасырды көріп, үш мемлекетте тұрған - Бұхар әмірлігі, КСРО және тәуелсіз Тәжікстан. Қайтыс болған әйелдің қызының айтуынша оның сабырлы, мейірбан және жүйке жүйесінің мықты болуы оның ұзақ өмір сүруіне септігін тигізген. 

 "Анам кітап оқыған емес, саясатқа қызықпайтын, бірақ елдің өміріне етене араласты. Мысалы, ол 1939-1940 жылдары Үлкен Ферғана көлін салуға қатысқан", - дейді ол.  Мирзокулова өмірінде екі рет тұрмыста болған және сегіз баланы дүниеге алып келген. Оның 200-ден аса немересі, шөбересі және шөпшегі бар. 

 Ұлыбританиялық Daily Mail таблоиды егер оның төлқұжатындағы мерзім дұрыс көрсетілген болса Фотима Мирзокулова әлемдегі ең қарт әйел болғанын айтады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер