Ухан қаласынан келетін студенттер 14 күнге оқшауланады

опо.jpeg

  Қытайдың Ухан қаласы коронавирус эпидемиясының ең басты таралу ошағы болғандықтан ол жерден келетін қазақстандық студенттер 14 күнге оқшауланады.

- "Қытайда тұратын қазақстандық студенттер мен азаматтардың мәселесіне келер болсақ, біздің үкімет Қытай үкіметіне Ухан қаласынан біздің 61 студентімізді эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша нота жолдады. Арнайы бортта біздің дәрігерлер қорғаныс костюмінде болады, сондай-ақ, олар келген соң дезинфекция жасалады, ал студенттер 14 күнге оқшауланады", - деді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

  Қазақстандық студенттерді елге қайтару үшін Ухан қаласына арнайы борт жіберіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта, қазақстандық билік елден шығатын ұшақтың ұшу мәселесі бойынша Қытай тарапының жауабын күтуде.  

- "Біз туристер мен басқа да азаматтарымыздың қайтарылғанын күтіп отырмыз. Сол себепті шекараны жабу мүмкін емес", - дейді Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда түсірілген халықаралық тележоба 100 млн-нан аса қаралым жинаған
  • «Жаңа технологиялар мен инновацияларға басымдық – уақыт талабы»
  • «Ауыл» партиясының қарағандылық мүшелері жаңа Конституция жобасын қолдады
  • 2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды
  • Атырауда қатарластарын балтамен қуалаған оқушы сабаққа барып жүр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер