Түркістан: Халыққа қамқорлық жалғаса бермек

d4036022-5fb0-45b6-95d8-20ad9e2e0a50.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жүзеге асып жатқан "Қамқорлық" бағдарламасы Түлкібас ауданында өз жалғасын тапты. Игі шараға Түркістан облыстық  «Азаматтық альянс» қауымдастығының төрағасы Шәріпбек Жамалбеков бастаған зиялы қауым өкілдері, Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов,Түлкібас аудандық әкімдігі, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай бас болған бірқатар журналистер, облыстық іскер әйелдер бірлестігі мен облыстық ардагерлер кеңесі ұйытқы болып отыр. Еріктілер Састөбе және Балықты ауылдық округтеріндегі бірқатар отбасына қажетті азық-түлік апарып, тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп шықты. 

"Қамқорлық" бағдарламасы мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмек пен жәрдемақылар аясынан тыс жүргізіліп отырғанын ескерген басшылық құрам әр жанұяның мұң-мұқтажына жеке-жеке құлақ асты. Оларға азық-түліктен өзге де қажетті заттар мен көрсетілуге тиіс жәрдемдерің тізімі жасалды. Атап айтқанда, Балықты ауылының тұрғыны төрт баланың анасы Әйгерім Қылышбекова денсаулығының жарамсыздығына байланысты жұмыс істей алмайды. Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алуға құжаттарын әзірлеп те қойған. Сегіз жасар екінші ұлы Жұбаныш бас тамырларының ауруымен ауырады. Жолдасы Тұранов Тынысбек жұмыссыз, алайда "екі қолға бір күрек" алып, ауыл ішіндегі кішігірім жұмыстарды істеп, үй ішін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Әйгерімнің жанұясына жеке куратор бекітіліп, ұлына және өзіне дәрі-дәрмек алынып, еміне жәрдесуді заңдастыру шаралары қаралды. 

Састөбе ауылының тұрғыны Елена Зейнолова бес баланың анасы, бір немеренің әжесі. Жалғыз басты әйел пәтер жалдап, ұл-қыздарын жетілдіру жолында еңбек етіп жүр. Алайда, ауылдан тыс жерде жұмыс жасағандықтан, тапқан ақшасының мәні болмай келеді. "Қамқорлық" бағдарламасы аясында Еленаны жұмыспен қамту немесе кіші бизнес көзін тауып беру мәселесі басты назарға алынды.

Түлкібас ауданында "Алтын алқа" иегері атанған жас  аналар өте көп. Дәуірбек Берікбаевтың жары да аталған жас аналар қатарында. 2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің арқасында бұл отбасы үйіне газ кіргізіп, құлағалы тұрған үй қабырғаларын қалпына келтіріп алған болатын. Отағасының ептілігінің арқасында мемлекеттік жәрдемақыға сиыр сатып алған. Енді көктем шыға сол сиырлардан сүт өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр. Алдағы күндері "Қамқорлық " бағдарламасы аясында Берікбаевтар жанұясы сүт өнімдерін өндіруге арналған жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Атап өтейік, облыс басшысының қолға алған "Қамқорлық" бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асып, тұрмысы қанағаттанарлық шегінен төмен отбасылар жергілікті әкімдік пен еріктілер тарапынан үнемі бақылауда болады. Ол үшін әр отбасыға бір кураторлар бекітілді

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Назарбаев өкілеттігін тоқтатудан бір күн бұрын Тоқаевқа не айтқанын жеткізді
  • Бүгін Тұңғыш Президент күні!
  • Жақсылық жаса: Түркістандағы көпбалалы медицина қызметкерлеріне көмек көрсетілді
  • Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Түркістан облысының 50-ден астам полицейі марапатталды
  • Түркістан облысында сеніп тапсырылған қойларды ысырап еткен қойшы анықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер