Үржар мен Зайсан ауданындағы кеден бекеттеріне өтуге тыйым салынды

fb80e895042104e74c882408f8ef878d_L.jpg

 Шығыс күнтізбесіне сәйкес Қытайда өтетін жаңа жыл мерекесін тойлау барысында қауіпті індеттің таралмауы үшін  Үржар және Зайсан ауданындағы кеден бекеттерінен өтуге тыйым салынды.

  Бұл туралы облыстық "Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің" өкілдері хабарлайды.

-«Біздің облыспен шекара қазір жабық. ҚХР-мен жақын орналасқандықтан, сауда-саттық жақсы дамыған, сондықтан осы жұқпалы ауру індеті өршіп тұрған кезде ҚХР-ға, оның ішінде Ухань қаласына баруды шектеуді сұраймыз. Егер таныстарыңыз немесе туыстарыңыз арасында ҚХР-ға барып келген адамдар болса, олардың денсаулығы нашарласа, дене қызуы көтерілсе, бірден дәрігер шақыруды сұраймыз», – дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД бөлім басшысының м.а Әлия Мұқатаева.

 Бүгінде, өңірдің көрші елмен барыс-келіс, алыс-берісі жақсы дамыған. Әсіресе сауда саттық жоғары деңгейде. Жалпы 1 ай уақыт ішінде шекарадан өткен 3 мыңнан астам адам тепловизор арқылы тексерілген. Сонымен қатар кеден бекеттеріндегі санитарлық мамандарға арнайы нұсқамалар берілді. Жақында арнайы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда. Эпидемиологтар сақтықта қорлық жоқ екенін айтып, тұрғындарға аса мұқият болуды ескертеді.

   

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер