Шымкент әкімдігі жазуды ауыстыруға жарты миллион теңге жұмсады

Шымкенттегі ең ескі саябақтардың бірінің кіре берісіндегі маңдайшаны латын әліпбиінен кириллицаға қайта ауыстырды. Маңдайшаны ауыстыруға қалалық бюджеттен  505 мың теңге жұмсалған.

Қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында маңдайшаны ауыстыруға жазудағы қатенің себеп болғанын айтты.

c77a630a7ca099b7746b66b67d99d8e0.jpg

"Қалалық әкімдіктің қадағалау органының тапсырмасы бойынша біз маңдайшаны латын жазуынан кириллицаға қайта ауыстырдық. Енді маңдайшада "Абай саябағы" деп жазылып тұр. Бұған 505 мың теңге бөлінді", – деді басқарманың бас маманы Ерубай Құралбаев.

image-09-01-20-12-00-2.jpg

Саябақта ескі "Abay parki" маңдайшасы екі жыл бойы ілініп тұрды. Қызметкерлер маңдайшадағы «парк» сөзін қазақшаға аударуды ұмытып кеткен екен. Сондай-ақ әкімшілікте латын әліпбиінің әлі бекітілмегенін де ескермеген көрінеді. Дегенмен қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасындағылар ол кезде маңдайшаны ауыстыру демеушілер тарапынан жасалғанын, оған бюджеттен ешқандай қаражат жұмсалмағанын айтқан болатын. 

2019 жылдың соңына қарай президент Қасым Жомарт Тоқаев өзіне ұсынылған қазақша латын жазуының 3 үлгісін де сәтсіз деп тапқандықтан, ескі маңдайша қайта ілінді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті
  • Cозақта Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті
  • Ұлытауда ауылдарға заманауи техника берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер