Тоқаев кентті қалаға айналдырды

82117139_2530005313764290_7013515151500378112_o.jpg

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кентін аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу және оны қайта атау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

«Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын. Затобол кенті Тобыл қаласы болып қайта аталсын», - делінген Жарлық мәтінінде. Президенттің 2020 жылдағы алғашқы Жарлығы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тобыл қаласы (бұрынғы Затобол кенті) Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша мұнда 26 402 адам тұрады.

Бұған дейін еңбек ардагерлері, кәсіпкерлер мен жастар елді мекеннің атауын өзгертіп, мәртебесін өзгертуді ұсынған еді. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған
  • Танымал журналист Диас Ахметшәріп комаға түсті
  • Cозақта Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты шара өтті
  • Ұлытауда ауылдарға заманауи техника берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер