Қазақстандық әншілер Қытайда өнер көрсетеді

Қазақстандық әншілер Қытайда өнер көрсетеді

Концерт Қазақстандағы Қытай елшілігі мен Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен өткізіледі, деп хабарлайды pavlodarnews.

Концертке "Нұр" би ансамблі, "Ретро" вокалдық ансамбль, "Samiуan" вокалдық тобы, сонымен қатар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Серік Рысбек, Наталья Процкая, Салтанат Темірханова қатысады, - деді филармонияның Иса Байзақов атындағы облыстық филармония бас редакторы Сәуле Мұқаева.

Барлығы филармонияның 17 әртісі барады. Қытай тұрғындары әйгілі қазақ композиторлары Естай Беркімбаевтың "Құсни - Қорлан", Нұрғиса Тілендиевтің "Құстар әні" сияқты туындыларын тыңдайтын болады.

Айта кетейік, қытайлық Үрімжі қаласына гастроль ҚР мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылған. Облыстық филармония шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ұйымдастырылған концерт "Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы іс-шараларға шығармашылық ұжымдар мен жеке әншілердің қатысуын қамтамасыз ету" бағдарламасы аясында өтеді.

Еске салайық, қазан айында Иса Байзақов атындағы филармонияның 80-нен астам әртісі, оның ішінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Кәрімовтің жетекшілігендегі қазақ халық аспаптар оркестрі Новосібір мен Омбыға гастрольдік сапармен барды. Сонымен қатар, қарашада оркестр Малайзияда өткен халықаралық фестивальге қатысты.


Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Көксай шағынауданы тұрғындарына жаңа пәтер кілттері табысталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер