​"Менің туым – менің Отаным!" атты патриоттық акциясы өтті

Screenshot_1.jpg

Мемлекеттік рәміздер - елдің тәуелсіздігін айшықтай белгі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді» деп айтқан. Мемлекеттік рәміздер - ең жоғары құрметке лайық. Оны қалай құрметтесек те жарасады. 

Бүгін 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік рәміздерді насихаттайтын патриоттық іс-шара Шымкентте Әл-Фараби алаңында өтті. Іс-шараға жастар көп жиналды. Олар алаңда желбірете ту көтеріп, рухты асқақтатты. 

Салтанатты жиында қала әкімі Ерлан Айтаханов рәміздердің маңызына тоқталып өтті:

- Елбасымыз атап өткендей, ерекше құнды белгілер ел тәуелсіздігін күллі әлемге танытты. Халқымыздың рухын, бастан кешкен тарихын, бүтіндей мәдениетін көрсетті. Ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, арман-тілегін жеткізді. Сондықтан әр азамат көк байрақ туымызды, әнұранымызды, елтаңбамызды қастерлеп, ардақ тұтуы тиіс, - деді қала әкімі.

Ерлан Қуанышұлы салтанатты жиында қаланың қоғамдық-әлеуметтік өміріне белсене атсалысып жүрген жастарға "Nur Otan" партиясының мүшелік билетін табыс етті. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер