Шымкент: 1 қаңтардан бастап мүгедектерге қолдау көрсетіледі

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласы әкімдігінің «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығында әлеуметтік порталды енгізу бойынша, жобаның толық ережесін таныстыру мақсатында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. Аталған ақпаратқа сүйенсек, мүгедектігі бар адамдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 55 түрінің 24-не және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады. Ал, ТОҚ-ның қалған 31 түрі 2020 жылғы шілдеге дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. 

Аталған мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, дыбыстық техникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдармен, сондай-ақ мүгедектер арбаларын беруді қамтиды. Ал, арнаулы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының және санаторийлердің қызметтері жатады. Бұл процедураларды жүргізудің ұзақтығына байланысты қызметтер алуға мүгедектік күнінен бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін. 

Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша әлеуметтік қызметтер порталын енгізуге ниетті. Бұл TОҚ және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын оларды проактивті формат арқылы тағайындауды 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, портал қызметтер мен оңалту құралдарын алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін шешеді, өйткені мүгедектігі бар адамдар тауар мен қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Одан бөлек, мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдерді іске асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз. 

Оған қоса, сертификатталған мамандардың кең ауқымы қол жетімді болып, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) бірыңғай тізілімінде барлық МӘМ жабдықталуы мен жұмыс жүктемесі ескерілетін болады. 

Порталды енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақтылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер туралы ақпаратты, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді. 

Айта кетейік, «Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар аясында көзделген. Қазіргі уақытта «Мобильді азаматтар базасы», «Әлеуметтік тізілім», «Бірыңғай деректер қоймасы», «Қазпошта» АҚ, «Еңбек шарттарының бірыңғай жүйесі», «Жылжымалы мүлік тіркелімі» ақпараттық жүйелерін интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер