Жер саласындағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету - басты назарда

Screenshot_6.jpg

Бүгін 20 қараша күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық әкімдігінің жер қатынастар бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі және «Азаматтарға арналған үкімет» МКЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлерімен кездесу өтті.

Жиынға Департамент басшысының бірінші орынбасары Ғ.Асанұлы, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаев және Департтаменттінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі А.Батырбеков қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты - ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Кездесудің күн тәртібінде өндірістен аяқталған 6 қылмыстық іс бойынша құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну қаралды.

Screenshot_7.jpg

Іс-шарада сөз сөйлеген Ғ.Асанұлы сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын құру, жемқорлыққа қарсы күреске азаматтардың жеке үлестерін қосу мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 нөмірлі call-орталығына хабарлауға болатындығын жеткізді.

Жиында А.Батырбеков ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 200-бабына сәйкес, өндірстен аяқталған қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдарға жолданған қылмыстық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыналар туралы баяндап өтті.

Жиынды қорытындылаған Ғ.Асанұлы бүгінгі өткен жиыннан қорытынды шығарып, сеніп тапсырылған міндетті жоғары абыроймен атқаруға үндеп, өз іс-әрекеттерімен адал аттарына кір келтірмеуге шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер