ШЫМКЕНТ: Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгермейді

Screenshot_1.jpg

Шымкент қаласындағы Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгертілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Сәкен Әбдіжаппар мәлімдеді.

Әбдіжаппар Сәкенұлының айтуынша, Республика даңғылынан бастау алатын Ю.Гагарин көшесінің атауы өзгеріссіз қала бермек. Тиісінше, көше атауларының қайталанбауын қамтамасыз ету үшін қала аумағына кейіннен қосылған Абай ауданы «Игілік» тұрғын алабындағы Ю. Гагарин көшесін – «Айсакөл» және Еңбекші ауданы «Жұлдыз» тұрғын алабындағы Ю.Гагарин көшесін – «Асубұлақ» деп өзгертуге ұсыныс тасталған. Сонымен қатар, алдағы уақытта қаладағы үлкен даңғылдардың біріне Абылай хан атауы берлетін болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер