Бір жылда бес мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Screenshot_1.jpg

Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Аталған брифингте сөз алған Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, аудан аумағында 2019 жылдың басынан бері жалпы 47 нысан іске қосылған. Атап айтсақ, 7 ірі, 12 орта және 28 шағын өндірістік-кәсіпкерлік нысандар ашылып, оған тартылған инвестиция көлемі – 9,215 млрд. теңгені құраған. Тиісінше, жаңа бос жұмыс орындары ашылып, 5 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Оған қоса, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы мен мемлекеттік бағдарламаларын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында ауданның ақпараттық-насихаттық тобы 30000-ға жуық аудан тұрғынымен 24 рет кездесу өткізген. Сонымен қатар, халықпен ашық диалог құру мақсатында әлеуметтік желілерде ауданәкімдігінің барлық қызметкерлері тіркеліп, ондағы айтылған мәселелер мен сұрақтарды назарға алу жұмытарын жүргізген. Нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің facebook және instagram парақшасына түскен 1643 өтініштің 1347 орындалыпты. Сондай-ақ, жиын барысында әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар бойынша мәліметтерге тоқталған Ғ.Мәуленқұлов аудан аумағында көп балалы аналар саны – 4 900 болса, олардың 351-і «Алтын алқа» және 935-і «Күміс алқа» иегерлері екенін айтты. 

«2019 жылдың басынан бері 19 «Алтын алқа» және 69 «Күміс алқа» төсбелгілері табысталып, 68 көп балалы ананың құжаттары «Алтын» және «Күміс» алқаларымен марапаттауға ұсыныс жолданды. Сондай-ақ, ауданда 12 ҰОС және 1201 тыл ардагерлері бар. Ал, атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап аудан бойынша 8762 отбасы өтініш тапсырып, оның 7782-сі «мұқтаж», ал 980 отбасы «мұқтаж емес»деп танылды. 2019 жылдың 27 тамызынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасыларды анықтау бойынша 5073 отбасыға қайта тексеру жүргізіліп, 507 отбасы табысын жасырғаны анықталды. Қазіргі уақытта осы 507 отбасына тағайындалған 254 млнн теңге көлеміндегі төлемдер толық тоқтатылды», - дейді Әл-Фараби ауданының әкімі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер