Жастар арасында интеллектуалды сайыс өтті

Screenshot_2.jpg

Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігі  мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта "Брейн-ринг" зияткерлік ойынын өткізді. 

Ойынның мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті, парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ, студенттердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету болып табылады. 

6 колледжден құралған топтар арасындағы тартысты бәсеке 4 кезең бойынша ұйымдастырылды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды білуге, танымдық, парасаттылық сұрақтары мен белгілі тұлғаларды танып-білу бойынша білімдері тексерілді. Озық ойлы жастар бәсеке барысында білгірліктерін байқатты.

Screenshot_1.jpg

Зияткерлік ойынға қатысушыларға Департамент, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, ішкі саясат және дін істері басқармасының, «Серпіліс» қоғамдық қорының, Арнайы мониторингтік топ өкілдері, Қазақстан журналистер одағының мүшесі мен журналистер әділ бағасын берді.

Брейн-ринг қорытындысымен 1-орынды №4 Байланыс және энергетика колледжінің "Энергетик" командасы, 2-орынды "Мирас" колледжінің "Мирас" командасы, 3-орынды "Жеңіл өнеркәсіп және сервис" колледжінің " Адал ұрпақ" командасы иеленді.

Жеңімпаздар «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында марапатталатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер