2020 жылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат 300 млрд теңгеге артады

2020 жылы денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат 300 млрд теңгеге артады                                            

«2020-2022 жылдары денсаулық сақтау жүйесіне арналған қаржы көлемі – 4,7 трлн теңге. Оның ішінде 2020 жылы 1,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл сома осы жылдың деңгейіне қарағанда 298,5 млрд теңгеге жоғары. Аталған өсім негізінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға көшу және медицина қызметкерлері еңбекақысының ұлғаюына байланысты болып отыр», - деді вице-министр.

Берік Шолпанқұлов сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру мақсатында Мүгедектер құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленгенін жеткізді.

«Үш жылдық бюджетте оны іске асыруға 58,2 млрд теңге, оның ішінде 2020 жылға 18,9 млрд теңге бөлу жоспарланған», - деді ол.

Айта кетсек, бүгін Берік Шолпанқұлов Парламент Сенатының депутаттарына 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын таныстырып, білім және ғылым жүйесін дамытуға 2020-2022 жылдары 3,7 трлн теңге бөлінетінін мәлім еткен
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер