Қала бюджетінің көлемі артатын болады

Screenshot_6.jpg

"Шымкент сити" орталығындағы 504 пәтерлі 8 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 1 171,3 млн.теңге қаралған.

Бұл Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасында 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін нақтылау бойынша өткен баспасөз брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ. 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлының қатысуымен өткен жиында бағдарлама әкімшілерінің үнемделген және игерілмеу қауіпі бар қаржыларын қайта бағыттау есебінен бірқатар бірінші кезектегі шығындарға: 

• Мүгедектерді қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге 200,0 млн теңге; 

• Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 140,3 млн.теңге; 

• Тұрғындардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етуге 81,0 млн. теңге; 

• Мүгедектерге медициналық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің күтіп ұстау шығындарына 90,8 млн.теңге; 

• Ішкі орамдық жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеу және қымтау жұмыстарына400,0 млн.теңге; 

• 7 көшедегі орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 176,8 млн.теңге; 

• Қаладағы 3 тұрғын-үйдің сейсмикалық нығайту жұмыстарын аяқтауға 77,4 млн.теңге; 

• "Шымкент сити" орталығындағы 504 пәтерлі 8 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 1 171,3 млн.теңге; 

• Достық мөлтек ауданынан Сыпырған ата көшесі арқылы Темірлан тас жолына дейін магистралды су өткізгіштің құрылысын аяқтауға 300,0 млн.теңге; 

• Сайрам тұрғын алабы Тассай бөлімшесіндегі газ жүйелерінің және Нұрсат шағын ауданындағы "Бахыт" тұрғын үй кешенінің инженерлік-инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға 126,2 млн. теңге; 

• Айкөл және Ақжар елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысын аяқтауға 143,3 млн. теңге қосымша қаржы қаралғаны анықталды. 

Нәтижесінде, қала бюджетінің көлемі 215,7 млрд.теңгеден 237,1 млрд.теңгеге дейін артатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Елге келген қандастардың неше пайызы еңбекке жарамсыз
  • Қазақстандықтарға мемлекеттік қызметтердің жаңа түрлері қолжетімді
  • Мемлекет басшысы Қазақстанның шет елдердегі бірқатар Елшісін тағайындады
  • Ресей: Теракт болған күні Крокустан 5 мыңнан астам адам эвакуацияланған
  • Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер