Көкшетауда көпбалалы отбасыларға АӘК тоқтатылатынын ескертті

Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары түсіндірілуде

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы негізінен еңбекке ынталандыру. Келесі жылдан бастап отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеуі тиіс, әйтпесе АӘК төлемдері тоқтатылады. Бұл туралы Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Көкшетаудағы 30 анаға мұндай кездесу кезекті рет өткізілді, оған әлеуметтік қолдау, ана мен баланы қорғау, білім, мәдениет, жолаушылар тасымалы және ТКШ мәселелері бойынша салалық басқармалардың басшылары қатысты. Іс-шара барысында көп балалы аналар мен отбасыларға мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

«АӘК-ні есептеудің басты бағыты – еңбекке ынталандыру және келесі жылдан бастап отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеуі тиіс, әйтпесе АӘК төлемдері тоқтатылады. Көмек өмірдің қиын жағдайына тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға тағайындалуы керек», - деп атап өтті Шолпан Салыққызы. 

Көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар арасында әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Қазір мектепте тегін тамақтануға мүмкіндік бар, сондай-ақ тамақпен қамтамасыз етуде шамамен 13 мың ақмолалық оқушыға жеңілдік бар. 

Сонымен қатар, көп балалы аналар сарапшыларға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толық жауаптар мен түсініктемелер алды, мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және бүгінгі таңдағы проблемалар бақылауға алынды. Кездесу соңында балаларға дайындалған арнайы тәтті сыйлықтар аналар үшін күтпеген тосын сый болды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • За распространение заведомо ложной информации, лица могут быть привлечены к уголовной ответственност
  • Коронавирустық инфекцияны жұқтырған маскалар туралы аудиожіберілімдегі ақпарат жалған
  • Шымкенттегі төрт ауруханаға оттегі бекеті орнатылады
  • Информация о зараженных масках является фейком
  • «Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42500 теңге төлейді» - Тоқаев
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер