Сириядан Қазақстанның 595 азаматы елге қайтарылды

537045.jpg

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елге қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам және 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террор ұйымының әрекетіне қатысқаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сонымен бірге өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды, – деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі қылмысқа қатысты іс материалдары Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына берілгенін мәлімдеді.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер