«Ежелгі металлургия іздері»

Screenshot_16.jpg

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінде Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ежелгі металлургия іздері» тақырыбында көрмесі ашылды. 

Музей мамандарының хабарлауынша көрмеге музей қорындағы археологиялық қазба барысында табылған ІІІ-ХХ ғасырларды қамтитын металлдан жасалған тұрмыстық, зергерлік бұйымдар қойылған. Көрменің ашылуында музей директоры С.А. Козейбаев сөз алып, Елбасымыз бастап берген «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында төртінші рет өткізіліп отырған көрменің мақсаты еліміздегі ежелден қалыптасқан металл өндірісінің жетістіктерін арнайы көрмелер арқылы көпшілікке көрсету, насихаттау деп көрсетті. Музей директорының ғылыми кеңесшісі Н. Алдабергенов темір ғасыры мен қола дәуірінің даму ерекшеліктерін археологиялық қазба барысында табылған заттар арқылы көре алатынымызды, тарихымызды толықтырып отырған әрбір зат музейіміздің байлығы екенін айтып өтті. Көрменің ашылуына арнайы келген Отырар аудандық «Отырар алқабы» газетінің бас редакторы А.Ақылбек те Елбасымыздың аталмыш мақаласы бүгінгі жастарға тарихымызды жан-жақты танып-білуге, осындай көрмелер арқылы ой түюге мүмкіндік беріп отырғанын жеткізді. 

Көрме көпшіліктің көңілінен шығып, тың деректерге қанық болды. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер