13 сектордың тұрғындарымен кездесті

Screenshot_14.jpg

Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы мен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Түркістан қаласын абаттандыру, көгалдандыру мақсатында бекітілген 13 сектордың тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

 Ордабасы ауданына бекітілген 13 сектор аумағына 50 көше бар. Орташа жөндеуді қажет ететін жол көлемі 73,7 шақырымды құрайды. Аумаққа 13 730 ағаш отырғызу көзделуде. 97 шақырымға жарықшам тарту, аяқжол салу жоспарланған.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов 4 жылда барлық инфражүйенің мәселесі шешілетінін, қазіргі таңда құжаттарының рәсімделіп жатқанын айтып өтті.

Әліпбек Шәріпбекұлы тұрғындарды бірлікке шақырып, атқарылған тірлікке ұйытқы болуға үндеді. Жалғыз ағаш орман болмайтынын ескеру керектігін де тілге тиек етті.

Тұрғындар қала әкімінен көкейдегі сұрақтарына жауап алып, Ордабасы ауданының әкіміне алғысын жеткізді.

Әліпбек Шәріпбекұлы штабқа жауапты орынбасары мен бекітілген тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер