Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Screenshot_45.jpg

Арыс қаласындағы №5 секторына қарасты Қарағанды облысы мен Төлеби ауданы әкімдігінің бірлесе жүргізген құрылыс жұмыстары аяқталды.

Шарада Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты жарылыстың салдарынан қираған үйлер мен жеке секторларды қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, облыс әкімінің, облыстық маслихаттың, Төлеби ауданы әкімінің алғыс хаттарымен және Төлеби аудандық маслихатының грамотасымен арнайы марапаттады.

Сонымен қатар, шараға арнайы қатысқан Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек құрылыс сапасының дұрыс жүргізілуіне үлесін қосқан азаматтарға алғыс білдіре отырып, Арыс қаласы әкімінің және Арыс қаласы «Нұр Отан» партиясы филиалының арнайы алғыс хаттарымен марапаттады.

Жиын соңында шараға қатысқан барлық қонақтарға Төлеби ауданы «Балмұздақ» ЖШС 1000 дана арнайы балмұздақтары тарту етілді және №5 сектордағы жұмыстардың нәтижесінде қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан Қарағанды облысы әкімдігіне және Төлеби ауданы әкімдігіне, белсенді азаматтарға тұрғындардың атынан шынайы алғысын жаудырды.

Шара барысы Төлеби аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

  Айта кетейік, Қарағанды облысы мен Төлеби ауданына тапсырылған 5 сектордағы 11 қабатты үйдің 519 пәтеріне және 72 жеке тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • О трансформации Конституции Республики Казахстан в условиях современных реформ
  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер