«Ғажайып қарбыз»

Screenshot_42.jpg

Кез-келген жеміс, көкөніске ең басты қажетті азық ол су және топырақ. Сусыз бірде-бір өсімдіктің өспейтіні тағы бар. Алайда түркістандық диқандар тың әдісті қолға алып, сусыз қарбыз өсіруде. Ертегі дерсіз?! Бірақ бұл шындық. «Ғажайып» қарбыз бүгінде алғашқы жемісін беріп үлгерді. 

 Бұл тәжірибені ғалым Бердияр Қалымбетов Бірлесу ауылдық округінде жүзеге асырып отыр. Қарбыздың ұрығын көрші Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы Жанбай ауданынан әкелінген. Аталған егіннің ерекшелігі ұрық ерте көктемде ылғалға егіліп, сол сәттен пісіп жетілгенше су ішпейді. Дәмі де кәдімгі қарбыздан еш айырмашылығы жоқ. Қарбыздың су қажет етпейтінінің ұтымдылығы - ауданның суару мүмкіншілігі болмаған жерлерде егін шаруашылығын тиімді пайдалану. Келес ауданының климаты құрғақ, жазы ыстық болады. Сондықтан аталған қарбыз нағыз құрғақ өңірлерге арналған.  Алдағы уақытта ғалым аталған тәжірибені басқа да ауданның диқандарына үйретіп, егістік алқабын кеңейтуді көздеп отыр. 




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер