Көк Төбеге қызғалдақтар мен алма көшеттері отырғызылды

cd402f44023af085a85be164fa22bf48.jpg

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысса, оның 200-ге жуығы студенттер болды. Барлығы 40 мың Сиверс алма ағаштары мен Қазақстан, Нұрсұлтан Назарбаев сұрыптарындағы қызғалдақтардың 500 мың данасы отырғызылды.

Қалалық жасыл экономика басқармасы мамандарының айтуынша, көшеттерді отырғызу жұмысы арнайы алаңдарда жүзеге асырылып, әр көшет бір-бірінен төрт метр қашықтықта орналастырылды. Алаңдар таудың етегінде каскад бойынша орналасқан.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың ұйытқы болуымен қолға алынған Jasyl Almaty көгалдандыру акциясының маңыздылығына тоқталды.

"Акция басталғаннан бері ондаған мың ағаштың көшеттері отырғызылды. Бұл – қаланың жасыл қоры толығып, экологиялық жағдайы жақсарып, ауасы да біршама тазара түседі деген сөз", - деді Бабақұмаров.

Көк Төбе тауының баурайы тамыз айында болған өрттен зардап шеккен еді. Бүгінгі акцияның арқасында ботаник Сиверстің құрметіне аталған жабайы алманың популяциясы қалпына келтірілмек. Алманың бұл түрі туралы алғаш рет 1793 жылы отырғызылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер