Тимур Құлыбаевтың орнына Кеңес Рақышев президент болып тағайындалды

Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды

Бокс федерациясының бүгінгі отырысында Тимур Құлыбаев өзінің қызметтен кететінін мәлімдеген болатын. Ал орнына белгілі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының президенті болып сайланды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретінде бокстың дамуына үлесімді қоса беремін. Алда қойған міндеттерді орындап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін. Өз орныма Кеңес Рақышевты ұсынамын», - деді Тимур Құлыбаев елордада өткен Қазақстан бокс федерациясының отырысында. 

Федерация мүшелерінің барлығы бірауыздан Кеңес Рақышевтың Қазақстан бокс федерациясы басшылығына келуіне дауыс берді. 

Отырыс барысында 2009 жылдан бері Қазақстан бокс федерациясын басқарып келе жатқан Тимур Құлыбаевқа «Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті» атағы берілді

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер