Шымкенттік БАҚ өкілдері арасында түрлі бағытта байқаулар өтеді

Screenshot_1.jpg

Шымкенттік БАҚ өкілдері арасында түрлі бағытта байқаулар өтеді. Бүгін бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқарма басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева атқарылған және алдағы жұмыстары жөнінде өткізген баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Басқарма басшысының мәлімдеуінше алдағы уақытта Шымкентте БАҚ өкілдері арасында "Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы" атты байқауын өткізуді көздесе, "Үздік номинациялар - 2019" шығармашылық байқауын, сондай ақ БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі Спартакиаданы да ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

- Байқау ережесі бойынша БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылдың 07 желтоқсан, сағат 17.00-ге дейін тапсыруы керек. Аталған шығармашылық байқауына 2019 жылдың 04 қазанынан - 07 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады, - деді басқармасының басшысы Жанар Бектаева. 

Сондай-ақ жиында байқауға ұсынылған жұмыстар "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Бәсекелік қабілет", "Прагматизам", "Ұлттық бірегейлікті сақтау" "Білімнің салтанат құруы", "Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы", "Сананың ашықтығы" бағыттарына сәйкес мақалалар қабылданатындығы айтылды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы немесе ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алатындығы белгілі болды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер