Шаянда дәрігерлер тұрғындарды жолдамасыз-ақ тексерді

18.09.jpg

Бәйдібек ауданының орталығында «Денсаулық сандарына жет» ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2019» атты мерекелік жиын өтті. Орталық стадионда ұйымдастырылған іс-шара түрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, белсенділігін арттыруға бағытталды. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Стадионда дәрігерлердің қалашығы мен пайдалы тағам өнімдерінің көрмесі қойылды. Сондай-ақ, білікті медицина қызметкерлері көрермендер мен жарысқа қатысушыларға қажетті медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік жасады. Іс-шарада жаяу жүргіншілердің «Спорт – денсаулық кепілі» «Флешмоб биіне» жалғасып, жүгіруден ерлер, әйелдер мен оқушылар арасында сайыстар өтті. Аудандық дербес бөлім қызметшілері мен мектеп оқушылары жарыста жақсы нәтижелер көрсетті.
Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Өскен Алдамжаров барша аудан тұрғындары мен сайысқа қатысушыларды мерекелік шарамен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ағабек Атемов пен Орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Бексұлтан Рысбеков бірқатар жүлделі орындардан көрінген жеңімпаздарды марапаттады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер