Бәйдібек ауданының әкімі аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті

10.09.jpg

АБәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 18 маусымдағы №26 Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған аналарды қабылдады. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Бақытбек Танагөзов Борлысай, Боралдай, Жамбыл ауылдық округтері аумағының көп балалы аналарын «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегерлері атануларымен құттықтап, оларға төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті.
55 мыңға жуық халқы бар Бәйдібек ауданында ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып келе жатқан алтын құрсақты аналар қатары күн санап артып келеді. Бүгін олардың қатары тағы да бес анамен толыға түсті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер