Бәйдібек ауданында өзен арналары қоқыстардан тазартылды

29.07.jpg

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен "Бірге - Таза Қазақстан!" атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, Бәйдібек ауданы аумағынан ағып өтетін барлық өзендерінің бойында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Оған 13 техника жұмылдырылып, аудан бойынша акцияға жалпы үш мыңдай адам қатысты. Нәтижесінде өзен жағалауларынан барлығы бес тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Аудандық шара Боралдай ауылдық округі Боралдай өзені бойында ұйымдастырылды. Боралдай ауылдық округіндегі Теректі, Қаратас, Боралдай елді мекендерінің бойындағы сегіз шақырым өзеннің бойы тазаланып, үш тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Шараға 1512 адам қатысты.
Экологиялық шараға аудан тұрғындары мен ерікті жастар және Түркістан облысы экология департаментінің басшысы Имангелді Түймебаев, Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Арман Абдулаев, Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қатысты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер