9 көше жарықтандырылып, тротуарлар салынуда

15.09.jpg

Қазақстаннның Тұңғыш Президенті, «Нұр Отан» партиясының Н.Назарбаев аталған партияның Нұр-Сұлтан қаласында өткен кезекті XVIII съезінде ел Үкіметіне 2019-2021 жылдарға арналған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру үшін 90 млрд теңге қарастыруды тапсырған болатын. Қазіргі таңда елімізде ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Соның бірі – Бәйдібек ауданында көрініс тауып отыр.
Бәйдібек ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлағандай, Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба аясында республикалық бюджеттен 400 млн теңге қаралып, Шаян ауылындағы 7,3 шақырымды құрайтын 9 көшеде (Айналма жол, Б.Қарашаұлы, М.Әуезов, С.Әлжанов, Е.Шөкеев, Шәкәрім, Тәуелсіздік, Қ.Сәтбаев, Ә.Жылқышиев) аяқ жолдар құрылысы басталды. Сонымен қатар аталған көше бойларын электрмен жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп, көше шамдары орнатылуда.    
Бұл нысандарға жыл соңына дейін толық жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер