850 отбасыға 221 миллион теңге төленді

Бәйдібек ауданында арнайы комиссияның қорытындысымен 850 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 221 миллион теңге төленді. Бұл туралы атаулы әлеуметтік көмек алуға жүгінген азаматтармен жұмыс жүргізіп отырған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Шадиярбек Отыншиев хабарлады.
– Жалпы аудан бойынша 1232 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген. Қазіргі таңда арнайы комиссияның қорытындысымен 850 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 221 миллион теңге қаржы төленді. Ал атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген 121 азаматтың табысы асып кеткендіктен, 4-інің құжаттары дұрыс болмағандықтан кері қайтарылған, – деді Ш.Отыншиев.
Бөлім басшысының айтуынша, атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар ауылдық округтерде қабылданады. Ауылдық округ әкімдіктері жанынан арнайы комиссия құрылған. Қабылданған құжаттар аудандық жұмыспен қамту орталығында тексеріліп, сараланады. Ал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі атаулы әлеуметтік көмекті тағайындайды. Атаулы әлеуметтік көмек 12 айға тағайындалып, ай сайын немесе тоқсанына бір рет беріледі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бірлік пен татулық – қазақстан дамуының стратегиялық тірегі
  • Шымкент қаласында «таза қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік өтті
  • Текесу тұрғын алабында сумен жабдықтау жүйесі іске қосылды
  • Координирующая роль в регионе во многом предоставлена именно Казахстану – политолог Эдуард Полетаев
  • Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района "Зелёная балка"
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер