Созаққа тартылған инвестицияның басым бөлігі халықтың қаржысы


Созақ ауданында ағымдағы жылдың 7 айында аудан экономикасына 17 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатовтың айтуынша, оның 15 миллиард 890 миллион теңгесі ауданда ісін жолға қойған кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы.
– Жыл басынан бергі жеті айдың қорытынды есебі бойынша аудан экономикасына 17 миллиард 17 миллион теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85,5 пайызға орындалды. Оның ішінде 725 миллион 500 мың теңгесі жергілікті бюджет есебінен жұмсалса, 15 миллиард 890 миллион аудандағы кәсіпорындар мен ұйымдар теңгесі. Яғни, осы жеті айдағы ауданға тартылған инвестицияның 90 пайыздан астамы халықтың өз қаржысы. Бұл 17 миллиард 17 миллионның ішінде банктерден алынған кредиттер, шетел инвестициясы жоқ. Мұның ішінде қарызға алынған қаражаттың көлемі 248 миллион 700 мың теңгені құрады, – дейді аудан әкімі Салыхан Сабырханұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер