Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен аудандар мен қалалардағы көшелердің көрнекі жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуын сараптау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акция өткізілді. Бұл туралы Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Әбдімүтәліп Әбдуаитов хабарлады.
Акция барысында аудан орталығы Шаян ауылынан бастап, Мыңбұлақ ауылдық округіне қарасты – Мыңбұлақ, Қайнар, Қосбұлақ, Мәдениет, Бестоғай, Бөген ауылдық округіне қарасты – Шалдар, Екпінді, Жамбыл ауыл округіне қарасты – Жамбыл, Жүзімдік, Шыбыт, Тасқұдық, Алғабас ауылдық округіне қарасты – Шақпақ, Қазата, Таңатар елдімекендеріндегі көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, жарнамалардың қазақ тілінде дұрыс жазылуы тексерілді. Нәтижесінде қате жазылған мәтіндерді, тыныс белгілері дұрыс қойылмаған, ескірген, тозған көрнекіліктерді ретке келтіру тиісті ауыл округінің әкімшілігіне ескертілді. Заң талаптарына қайшы келетін маңдайша және жарнама жазуларына жол бермеу мақсатында ҚР «Тіл туралы» Заңын басшылыққа алу жөнінде Мыңбұлақ, Алғабас, Жамбыл ауыл округтерінің жауапты мамандарымен кездесулер өткізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер