Күннен қуат алатын қондырғылар орнатылды

Биылғы жылы «Қостұра», «Теректі», «Орта Сүңгі» демалыс орындарына күннен қуат алатын қондырғылар орнатылды. Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің  Боралдай филиалының туризм маманы Әмірәлі Егізбаевтың айтуынша, демалыс аймағын туристер мен демалушылардың талабына сай жабдықтау жұмыстары алдағы кезде де жалғасын табатын болады.
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи парктің аумағы 4 функционалдық аймаққа бөлінген. Олар – қорықтық, экологиялық, туристік, шектеулі шаруашылық қызмет аймағы. Боралдай филиалының инспекторлары осы аталған аймақтар бойынша табиғатты қорғаудың ережелеріне сай қатаң қадағалайды.
– Біз өзімізге бөлінген аумақты қарауылдап, қадағалау жөніндегі кәсіби міндетімізді жауапкершілікпен атқарудамыз. Дәл қазіргі жаз маусымында туристік аймақтарға ерекше көңіл бөлінген. Аудан аумағында Борлысай аумағында «Орта Сүңгі», «Шұқыршақ», Бәйдібекатада «Теректі», Төменгі Боралдайда «Қостұра», Жоғарғы Боралдайда «Ақбастау» демалыс аймағы бүгінде келушілерге қызмет көрсетуде. Демалушылар мен туристерге ағаштан жасалған үйшіктер, қазақы киіз үй, жаздық сәкілер қойылған, – дейді Ә.Егізбаев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер