Пішен өнімі екі есеге көбейді

Бәйдібек ауданындағы Көктерек ауылдық округінің шаруалары дәнді-дақылдардың жазғы орымынан әр гектарына 14-15 центнерден, күзгі орымнан орташа есеппен 22 центнерден өнім алуда.
Ауыл әкімі Нұрлан Бекжігітовтің айтуынша, ауылшаруашылық мақсатында 7,306 мың гектарға жуық жерге күздік және жаздық дәнді-дақылдар егілген. Оның 2,992 гектары мақсары болса, 464 гектар арпа, 3450 мыңнан астам гектары бидай мен 400 гектары жоңышқа. Бүгінге дейін сексен пайызға жуық өнім жиналған.
– Биыл көктемгі жауын-шашынның әсерінен былтырғы жылға қарағанда биылғы пішен алқабында өнім екі есеге мол шықты десек болады. Биыл округтегі шаруалар мен ауыл тұрғындары қысқы мал азығын артығымен жинап алды деп есептеймін, – дейді Көктерек ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бекжігітов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер