Кәсіпкер ауылына асхана салып берді


Ұлт Көшбасшысы, еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасын негізге алған кәсіпкерлердің көмектерімен Бәйдібек ауданында бірқатар игі тірліктер тындырылды. Ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып жалғасатын мұндай өнегелі істер жұртты бірлікке шақырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Солардың қатарында бөгендік кәсіпкерлердің туған ауылын көркейту мақсатында жасаған жұмыстарын үлгі етуге болады.
Мыңбұлақ елді мекеніндегі орталық мешіттің алдынан осы ауылдың тумасы Оразәлі Нұсқабаев өз қаражатымен 200 орындық асхана салдырды. Ендігі кезекте елдімекен жұртшылығы ауызашар, ас беру секілді діни рәсімдерді мешіт асханасында өткізулеріне мүмкіндіктері бар.
Сонымен қатар, Мәдениет ауылындағы Мыңбұлақ жалпы орта мектебінің алдынан осы ауылдың тұрғыны, аудандық мәслихат депутаты Өсербай Кәдіровтың ұйымдастыруымен елдің бірқатар атқамінерлері мини футбол алаңшасын салып, көпшіліктің ризашылығына бөленіп отыр. Бұл алаңшада жаттыққан мектеп оқушылары арасынан болашақта елге белгілі спорт саңлақтары шығады деген үмыт көп.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Руханиятқа көрсетілген құрмет
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: Қос палаталы Парламент отыз жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтар толық жойылды
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу құжаттары талаптарға сәйкестендірілді
  • Камералдық бақылау нәтижесінде мемлекеттік сатып алу рәсіміндегі бұзушылықтар жойылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер