Созақта күннен де энергия өндірілетін болады

05.07.jpg

Қуаты 50 МВт өндіретін «Күн электр станциясының құрылысы» жобасын «ЮКСЭС 50» ЖШС қолға алып отыр. Күннен қуат алатын электр энергиясыны жобасының қазығын қағу рәсіміне Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров, «Risen Energy» компаниясының бас менеджері Чампион Юань қатысып, сөз сөйледі.
– Бүгінде қауіпсіз энергия көздерін дамыту еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін Үкімет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Осы орайда Созақ ауданында энергетикалық кешенді дамыту үшін үлкен жобаны іске асырғалы отырмыз. Аталған істің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 100-ге тарта адам тартылады, – деді аудан басшысы.
Жаңа жоба шын мәнінде атап айтуға тұрарлық айрықша құнды бастама. 60 миллион доллар құрайтын жобаны еліміздің «ЮКСЭС 50» ЖШС жүзге асырады. Жобаға гонконгтық «Risen Energy» компаниясы инвестиция салып отыр.
Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 125 гектар жер телімі берілді. Станцияға осы заманғы озық үлгідегі құрал-жабдықтары қойылады. Нысан келер жылдың басында пайдалануға беріледі. Жоба толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде тұрақты 30 жұмыс орны ашылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасына 67 мыңға жуық адам қатысуға тіркелді
  • Мемлекет басшысы энергетика саласындағы ықпалдастықтың әлеуетіне жоғары баға берді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер