Созақтықтар Арысқа көмектесуде белсенді

10.07.jpg

Арыс қаласының қираған, зақым келген үйлерін қалпына келту бойынша 17 секторға бөлініп, оған жауапты ретінде еліміздің өзге облыстарымен Түркістан облысының аудан, қалалары бекітілген. Барлық секторда жауапты облыс, аудан қалалардың штабы құрылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатылған. Әрбір секторды жұмыс жіті ұйымдастырлған. Жиналған қоқыстарды шығару, үйдің құжаттарын түгелдеу, әрбір тұрғынға берілетін 100 мың теңгеге жиналған құжаттарды талдау, анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қызылорда облысымен, Созақ ауданында бекітілген 6 секторда бүгінгі күні жұмыс қызу жүріп жатыр. Қираған қалдықтарды шығару жұмыстарына аудан еріктілерімен, азаматтары белсене жұмыс істеп, қазіргі дейін 15 көшеден 171 тонна қоқыс шығарылды. Тазалау жұмыстарына 1 амкодор, 1 Howo теxникасы мен 21 адам жұмылдырылды. Қоқыс шығарып, тазалау жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады.
Тұрғындардың және үй құжатын қабылдау жұмыстарына ауданнан 15 адам білек сыбана жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 270 отбасы, 1504 отбасы мүшелерінің құжаттары қабылданды. Штаб мүшелері – тұрғындардың құжаттарын талдау, толықтыру жұмыстарын жүргізуде. 6 секторға қарасты 124 үйдің жөндеу жұмыстары басталып, оның ішінде 22 үйдің құрылысы аяқталды. Үйі тұруға жарамсыз отбасыға жаңа үй сатып алынып, жарамсыз үйі толық бұзылып тазаланды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер