Созақта қоғамдық қабылдау өтті

27.07.jpg

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауына сәйкес және жолдауды басшылыққа ала отырып, осы бағытта жұмыстар атқарып жатқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырма хаты бойынша Түркістан облысында азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру бағыттарында «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылып нәтижелі жұмыстар атқаруда. Аталған кеңсенің тұрмыстық жемқорлықты жою бағытында және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және тұрғындардың түйткілді проблемаларын шешу мақсатында Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда тиісті мекеме қызметкерлерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізу жоспарланған болатын.
Осыған орай аудан әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен аталған шараның қызмет алушылар үшін маңыздылығын ескере отырып ауданда ағымдағы жылдың 23 шілдесі күні сағат 9:00-13:00 аралығында аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында халықты әлеуметтік қамсыздандыру, сот және құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау басқармасы және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға тиісті шақырылған бөлімдер мен мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, тұрғындардың түрлі сауалдарына жауаптар берді. Сондай-ақ «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері ауыл азаматтарынан түскен ұсыныс, пікірлерді де жинақтап қорытынды шығаратындарын ескертті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер