Созақтың серісі Толағай сұлтаны атанды

26.09.jpg

Созақ ауданының тумасы Әкбар Елубайұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданында өткен «Толағай сұлтан – 2019» Халықаралық спорттық-шығармашылық сайысында Түркістан облысының атынан сынға түсіп, бірінші оорынды жеңіп алды. Бұл туралы Созақ ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
 Жыл сайын облыс көлемінде өтетін сайыс, биыл халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Еліміздің әр облысымен қатар, Моңғолия мемлекетінен де, жалпы саны 23 білекті де білімді әрі өнерлі жігіт қатысып, бақ сынады. Екі күнге созылған жарыста жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, қазақ күресі, қол күрес, өзін таныстыру, өнер, сұрақ-жауап сынды 8 түрлі бәсекеден сайыстар өтті. Алғашқы күні спорттық сайыста білек күші сыналса, екінші күні спортшылардың білімі мен ой өрісі сынға түсіп, өнерлерін ортаға салды.
Өнері мен білімі, бұла күші мен ептілігі елден асқан 23 жігіт шығыс жұртын спорттық сайыстың қызығына батырып, Көкпекті ауданының аспанын әнмен жырға бөледі.
Нағыз жігіттің қасиеті сыналар сайыста қарсыластарынан оқ бойы оза шапқан Әкбар Елубайұлы қазақ күресінен бірінші орын алды. Дүбірлі додада 120 келілік тайыншаны 20 рет көтеріп, жиылған жұртты тәнті етті. Сұрақ-жауап сайысында да білімі мен білігін көрсетті. Әкбар Елубайұлы еркін күрестің ғана шебері емес, жігіттің сұлтаны екенін дәлелдеп, «Толағай сұлтан – 2019» халықаралық спорттық-шығармашылық сайысының жеңімпазы атанып, 1 млн теңгені иеленді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Қашықтықтан көмек көрсететін портал іске қосылады
  • Шымкент: Қоғамдық көліктер күніне екі рет дезинфекциялануда
  • Шымкент: Абай ауданында 107 аула абаттандырылуда
  • Шымкентте қоқыс алаңшалары жаңартылуда
  • Шымкент тұрғындарын толықтай табиғи газбен қамту жоспарлануда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер