Аппарат басшысы әдепті болуға шақырды

30.09.jpg

Созақ ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жас мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өтті. Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы, Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов жүргізіп отырды.
Жиында мемлекеттік қызметшілер арасында ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілген анонимді сауалнаманың қорытындысымен таныстырылды.
Мемлекеттің қызметшінің әрекеті, өзін өзі ұстау әдебі мемлекеттік мүдде тұрғысында атқарылуы тиіс екендігі айтқан Қалдыбек Әбілдаұлы мемлекеттік қызметшілердің қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтап, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, телефонмен сөйлесу әдебін сақтауды және жұмыс уақытын тиімді пайдалануды тапсырды.
Семинар соңында, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразов қорытындылап, семинар барысында айтылған мәселелер бойынша туындаған ұсыныс-пікірлерді тыңдап, сұрақтарына жауап берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бүгінде Қазақстан теңізге шыға алмайтын ел санатына жатпайды — БҰҰ Бас хатшысы
  • Жарты жылда 6,7 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алған https://kaz.inform.kz/news/zhar
  • Қырғызстаннан Алтайға қар барыстары жеткізілді
  • Марат Пашимов жаңа қызметке тағайындалды
  • Руслан Желдібай: «Бағанашыл» балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер