Мемлекеттік органдардың жәрмеңкесі өтті

Созак ярмарка 13.09.jpg

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының ұйтқы болуымен Созақ ауданы, Шолаққорған селосындағы Н.Төреқұлов атындағы ІТ-лицей-мектебі базасында мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша сервистік жәрмеңке өтті. Жәрмеңке мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландандыруды насихаттау.
Жәрмеңке барысында департамент басшысы Болат Исақов Жұмыспен қамту орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, аурухана, білім бөлімі қызметкерлері мен тұрғындарға түрлі сұрақтар бойынша кеңестер берді.
Жәрмеңке барысында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп пен №24 колледждің ұжымы келушілерге телеграм бот бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді және «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштарын» ала келіп, жұртшылыққа үйрету сабақтарын өтті.
Жәрмеңкеге 200-ден аса адам келіп, ұйымдастырушылар таратқан түрлі парақшалар, брошюролар, жадынамалармен қамтамасыз етілді. Болат Әлмұханұлы мемлекеттік органдардың жәрмеңке барысындағы жұмыстарына жоғары баға берді.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер