Лекторлар адалдық құндылығы аясында арнайы тренинг өткізді

Screenshot_6.jpg

Киелі өңірімізде түрлі бастамаларды іске асырып, мақсатты жұмыс жүргізіп жатқан «Түркістан - адалдық алаңы» Жобалық кеңсесі жанынан лекторлық топтар құрылған болатын. Бүгінгі күні облысымызға қарасты барлық аудан/қалалардан жасақталған лекторлық топ мүшелері сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алуда жұмыла жұмыс атқарып, қоғам індетімен қарсы күресуде белсенділік танытып келеді.

Осыған орай, бүгін Қазақстан  Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша Департаменті   мен Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының бірігіп ұйымдастыруымен лекторлық топ мүшелерінің жұмысын тиімді жүзеге асыру мақсатында «Парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негіздері» тақырыбында тренинг өтті.

Оқыту жиынында филиал директоры Ж.Момынқұлов, филиалдың аға оқытушысы Н.Ермаханұлы, «Түркістан - адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің менеджері Н.Абуова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға жан - жақты тоқталып, адалдық пен парасаттылық құндылықтарының мемлекет алдындағы маңыздылығын түсіндірді.

Айта кетейік, лекторлар алдағы уақытта елді мекендерде тұрғындармен кездесіп, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүйелі жүргізетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер