Танымал қазақстандық филантроп жастар жылында жақсылық жасады

d44473f1-3361-4738-8446-0738fe60f4a9.jpg

Қазақстандық қоғамға көптен таныс кәсіпкер әрі танымал филантроп Оралбек Ботбай биылғы Жастар жылына орай, талантты студенттерге қолдау білдірді. 

Бұл туралы оның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Мәскеу мемлекеттік университетінің магистранты Дана Сүлейменова хабарлады.

Оның хабарлауынша, Шымкент қаласындағы колледжердің бірінде оқитын Шыңғыс есімді студенттің оқуының соңғы жылының оқу ақысы толық төленген. Науқас анасына қарасып, оқуына да үлгеріп жүрген студент оқу үздігі әрі белсенді жастың бірі екен. Сондықтан да осындай жастарға қолдау танытуды өзіме парыз санаймын деген Оралбек Қожамжарұлы өзге пікір білдіруден бас тартты. 

Д.Сүлейменованың жазуынша, О.Ботбай Жастар жылының аясында, Мәскеуде білім алып жатқан қазақстандық студенттерге де қолдау танытқан. Өз атынан шәкіртақы тағайындап, айт мейрамдарында ауыз ашар ұйымдастырып, көпке үлгі боларлық ізгі іс жасаған. Осы орайда, оған жастар атынан алғыс айтқым келеді деген ол, алдағы уақытта журналистика саласында қалам тербеп, медиа бизнес саласында баршаға пайдалы осындай оң ақпараттар жазуды жөн көретінін жеткізді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер