Арыстық оқушыларға мектеп жабдықтары мен киім-кешек үлестірілді


«Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұжымы «Арыс. Біз біргеміз» республикалық акциясына үн қосып, 400-ден астам арыстық оқушыға мектеп жабдықтары мен киім-кешек сатып әперді. «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбековтың бастамасымен арнайы өкілдерін жіберген атыраулық мұнайшылар көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларын қуантып, Арыс жұртшылығымен бірге екендерін дәлелдеді»,-делінген хабарламада.

0.jpg

Әр оқушыға аяқ киім, сөмке, ақ жейде, мектеп формасы және өзге де қажетті киімдер берілді. Қуаныштан жүздері жайнаған оқушылар мен ата-аналар қиын-қыстау кезеңде көмек қолын созған атыраулық мұнайшыларға алғыстарын білдірді.

0.jpg

«Ембімұнайгаз»  – барлық акциясы Қазақтанға тиесілі ірі компания. Бұған дейін де Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында қайырымдылық акцияларымен айналысып, тұрғындарға көмектескен. Бұл жолы Арыс қаласының оқушыларына да қолдау көрсетіп отыр.

Бүгінде Арыстағы 16 мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 2 мыңға жуық оқушы бар. Олардың бірқатарына «Мектепке жол» акциясы және демеушілердің көмегімен қолдау көрсетіліп жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер