Тоқаев: шын мәнінде облыс бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде

index1.jpg
«Шын мәнінде облыс бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Құрылыс  жұмысы да жүруде. Премьер-министр өзі жиі барып, мұқият қадағалап отыр бұл жұмысты. Амандық болса, Түркістан біздің тарихымыздың мәдениетіміздің алтын бесігі ретінде, қайта қалпына келеді. Керемет сымбатты қала болып шығады деп ойлаймын» -  деген ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында облыс жұмысына осылайша оң бағасын берді.
Аталмыш отырыс барысында облыс басшысы Ө.Шөкеев Мемлекет басшысына облыстың жай-күйі жайлы баяндады.  
Облыста инвестиция тартумен қатар, туристік жобаларды дамыту қолға алынған. 2025 жылға қарай аймаққа 4-5 млн туристі тарту жоспарланған. Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Ө.Шөкеевтің айтуынша облыстың ауылшаруашылығы 4 пайызға дамып, тамшылатып суғару бойынша  1370 гектар жер өңделіп, екі есе көбейту көзделуде.
«Ауыз сумен қамту бойынша өзіңіздің тапсырмаңызға сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы» - деген Өмірзақ Шөкеев бұл мәселенің қолға алынып, биыл 43 елдімекенді ауыз су құбырымен қамтамасыз етіп, 7 елдімекендегі тозығы жеткен су құрылғылары жаңартылатынын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш мәселедегі қамту аймағы 80 пайызға жетеді деген Өмірзақ Естайұлы аймақтағы табиғи газ бен құрылыс мәселелерде де өсім бар екенін баса айтты.
Фото - Мұхтар Холдорбеков
Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

index.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қытай COVID-19 пандемиясы туралы сенсациялық мәлімдеме жасады
  • Екпе аутизмді тудыра ма? Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
  • Кәрім Мәсімовтәң зәулім үйі тәркіленді
  • Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
  • В городе Шымкент проведена информационно-разъяснительная работа в сфере религии
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер