Елордада жас дарындардың «Шаттық» фестивалі өтті


Фестивальге жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары, сән театры Қазақстанның барлық аймақтарынан және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Башқұртстан, Болгария, Түркия, Куба, АҚШ-тан келді.

Шараға 5-18 жас аралығындаға 350 бала қатысты. «Нұр-Сұлтан – туған күніңмен!» атты фестивальде вокал, хореография, фольклор, аспаптық, сән театры, ерекше жанр түрлері бойынша өткізілді.

Жас дарындардың орындаушылығын өнер саласындағы белгілі адамдар бағалады.

«Шаттық» фестивалі елордамен тығыз байланысты. Өткізілген он жыл ішінде фестиваль жас таланттарды жарыққа шығарды. Фестивальдің мақсаты да сол балалардың өнермен айналысуын арттыру, халық өнерін дамыту, жаңа дарындарды ашу, олардың ары қарай жетілуіне көмек көрсету.

«Елорда күнінде «Шаттық» фестивалінің қатысушылары әндерін айтып, билерін билеп, өз өнерлерін көрсетті. Халыққа қуаныш сыйлаған өнерпаздарға алғысым шексіз. Өнерлері өрге жүзсін», - дейді концертті тамашалаған Мейірбек Нәзиев.

Бүгін үш күнге созылған фестивальдің қорытындысы шығарылып, лауреаттар марапатталды. Сондай-ақ өнерпаздардың қатысуымен гала концерт өтті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Председатель ФПРК: «Новая Конституция – закон, в котором ценность человека выше системы»
  • Н.Әуесбаев: Жаңа Конституцияда Президент өкілеттілігі бір рет қана 7 жылдық мерзім бекітіледі
  • Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа арналған берік қалқан – Самат Нұртаза
  • Ауданда мәселелер рет-ретімен шешімін табуда
  • Қырғызстан халқының саны 7,4 млн адамға жуықтады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер